2024-07-27 13:08:46
34.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Асықшыларымыз әлем кубогында топ жарды

Асықшыларымыз әлем кубогында топ жарды

Румынияның Констанца қаласында ұлттық спорт түрлерінен әлем кубогы мәреге жетті.

Биыл екінші рет өткен дүбірлі дода аясында асық ату мен бес асықтан сайыстар өтіп, жеңімпаз және жүлдегерлер белгілі болды.

Атап айтар болсақ асық атудан «Қазақстан-«1» құрамасы топ жарса, еліміздің екінші құрамасы екінші орынға ие болды. Үздік үштікті Германия командасы түйіндеді.

Бес асықтан өткен сында Қазақстан құрамасының қыздары қарсылас шақ келтірмесе, Түркия мен Румыния екінші-үшінші орындарды өзара бөлісті.

Жеңімпаз атанған спортшылар ішінде Түркістан облысының екі бірдей спортшылары бар. Өз таланттарымен  танылған Түркістан облысының талантты спортшылары Алмас  Қарабаев пен Нұрланұлы Мұқамеджан бас жүлдеге ие болды.

Ұлттық спорт түрлерін  шет елге танытып, ұлықтап жүрген асықшы қыз-жігіттерімізді жеңістерімен құттықтаймыз!

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР