2024-07-27 05:55:44
24.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Асық атудан еліміздің жасөспірімдері ел чемпионатында үздіктерін анықтады

Асық атудан еліміздің жасөспірімдері ел чемпионатында үздіктерін анықтады

Халқымыздың ұлттық спортын жаңғыртып, әлемдік деңгейде дамыту — күн тәртібінен түскен емес. Бұл ретте, Алматы қаласында кіші жасөспірімдер арасындада асық атудан  Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті.

Ұлттық спорттың жанашырлары ұйымдастырған Ел чемпионатында талантты жас спортшылардың тұсауын кесті. Жасөспірімдер арасында аса тартысты өткен жарыста көне спорт түрінен көш бастаған Алматы қаласының құрамасы бас жүлдені, ал, Түркістан облысының дарынды спортшылары күміс жүлдеге ие болды. Бұдан өзге Алматы облысының жасөспіпімдері қола жүлдені қанағат етті.

Еліміздің жас дарынды спортшы ұл-қыздары бас қосқан Қазақстан чемпионатында

бес асық спортынан да жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.  Қарсылас шыдатпаған Түркістан облысының құрамасы жеңістің шыңын бағындырып, жеңімпаз атанды. Ал, шеберліктерін шыңдаған Қызылорда облысының командасы күміс жүлдегер, Алматы қаласының құрамасы болса қола жүлдегер атанды.

Түркістан облысының намысын қорғаған спортшылар облыстық ұлттық спорт түрлері мектебінің шәкірттері.

Құттықтаймыз!

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР