2024-07-27 08:12:43
27.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Астанада ұлттық спорт түрлерінен VI фестиваль ойындары өтеді

Астанада ұлттық спорт түрлерінен VI фестиваль ойындары өтеді

Астана қаласында 4-10 қыркүйек күндері Қазақстан Республикасының Ұлттық спорт түрлерінен VI фестивалі өтеді. Түркістан облысының намысын қорғайтын саңлақтарымыз әр төрт жыл сайын өтетін фестивальге жоғары деңгейде дайындық жасауда.

Осы орайда облыстық спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев ұлттық спорт түрлерінің мамандары мен бапкерлерін жинап, алдағы додаға дайындық барысын талқылап, жан-жақты пысықтап, жауаптыларға бірқатар тапсырмалар берді.

Доданы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері Комитеті ұйымдастырады.  Ұлттық спорт түрлерінен жалауы желбірейтін фестиваль  асық ату, аударыспақ, көкпар және бәйге, дәстүрлі садақ ату, жамбы ату, жекпе-жек спорт түрлерінен өтеді деп жоспарлануда.

Түркістан облысының ұлттық спорт түрлері мектебінің талантты саңлақтары командалық есепте  2019 жылы Ақтөбе қаласында өткен фестивальде бас жүлдені жеңіп алған болатын.

Енді жерлестеріміз биыл да сол жарқын жетістікті қайталауға барлық күш-жігерімізді жұмсаймыз дейді. Бағындырған белестерден түспеуді басты мақсат етіп отыр.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР