2024-03-19 15:56:34
18.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Астанада Наркенже Серікбаеваның шығармашылық кеші өтті

Астанада Наркенже Серікбаеваның шығармашылық кеші өтті

Астанада «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Наркенже Серікбаеваның «Әдемі ана» атты шығармашылық концерті өтті. Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда өткен кеш шымылдығы «Ауыл жатыр той жасап» әнімен ашылды.

Кешті ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Гүлнұр Оразымбетова мен белгілі журналист Гүлмира Нәлібай және Жандос Өсербаев тізгіндеді. ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, әнші Айгүл Елшібаева қонақ болып, ән шырқады. Концерт барысында Наркенже Серікбаева ұстазы Набат Байдәулетоваға құрмет көрсетті.

Наркенже Серікбаеваның орындауындағы «Ризамын», «Қарқаралым», «Үш меркі», «Жолықсақ қандай жақсы», «Отырардағы той», «Қадірле ата-анаңды тірісінде», «Дүние шіркін қандайсың», «Ана тілім», «Мен сіздердің бәріңізге ғашықпын», «Ауылға сағыныш», «Не пайда?», «Бес нәрсе келмей тұрып», «Әдемі ана», «Елдің еркесі», «Ей, махаббат» әндер көпшілік көңілінен шығып жатты.

Мән-мағынаға толы кеште Оразәлі Жаңабай, Алмасқожа Мұзаппаров, Руслан Ақынбеков, Мағжан Әлтенбаев сынды өнер иелері дәстүрлі әндер шеруін ұйымдастырса, Алмасқожа Мұзаппаров, Мырзагелді Нұртазаұлы, Ғабит Шырынбеков, Данияр Барыстар әуелетіп ән салды. Сонымен қатар  «Сүгір» атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрі, «Фараб» және «Яссы» би ансамблі өнер көрсетті. Кеш иесі концертті «Жаса» әнімен қорытындылады.

Түркістан облысы мәдениет және
туризм басқармасының баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР