2024-02-27 11:02:54
-4.7 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Ашық аспан астындағы кинотеатр жалғасуда

Ашық аспан астындағы кинотеатр жалғасуда«Ұлттық кино» жобасы аясында көркем және анимациялық фильмдерді насихаттау мақсатында кинокөрсетілім апталығы ашық аспан астында Оқушылар сарайының алаңында өтті.

Кинокөрсетілімге жиналған қала тұрғындары мен бүлдіршіндер «Түркістан» анимациялық фильмі және Оқушылар сарайының ұйымдастыруымен Disney туындысы «Рапунцель» балалар мультфильмін тамашалады.

Сонымен қатар аталмыш шара бүгін де, 25 шілде күні сағат 21:00-де «Жібек Жолы» саябағының Балалар қалашығында «Ұлттық кино» жобасы Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен, Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасы мен «Оңтүстікфильм» мекемесінің ұйымдастыруымен жақында Түркістан төрінде өткен Халықаралық «Алтын сақа» фестиваліне келіп түскен анимациялық фильмдер көрсетілімі өтеді.

Көрсетілім тегін! Келіңіздер, көріңіздер!

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР