2024-07-14 18:23:34
32.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Арыста жеке инвестор есебінен көпқабатты тұрғын үй кешені салынуда

Арыста жеке инвестор есебінен көпқабатты тұрғын үй кешені салынуда

Арыс қаласында мектеп, әлеуметтік нысандармен бірге тұрғын үй құрылысы қарқын алды.

Бүгінде Арыс қаласында «Барыс» шағын ауданында жеке инвестор есебінен салынып жатқан тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Облыс басшысы Дархан Сатыбалды Арыс қаласына іс сапары аясында құрылыс алаңына барды. Үйлердің заманауи дизайнда, тұрғындарға қауіпсіз әрі қолайлы болуына аса мән берілуін атап өтті.

Бүгінде мұнда 60 пәтерлі екі көпқабатты тұрғын үйдің құрылыс монтаждау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. «Лидер-НС Строй» ЖШС салып жатқан бұл тұрғын үйдің алаңы 3348 ш.м. шаршы метрді құрайды. 2024 соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

Айта кетейік, биыл Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурыз қарсаңында  кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын жеке тұлғалардан 20 тұрғын үй сатып алынып, Арыс қаласында үй кезегінде тұрған 20 отбасыға табысталды. Аталған тұрғын үйлер сатып алу құқығынсыз жалдамалы тұрғын үйлер болып табылады.

Қазіргі таңда Арыс қаласы бойынша тұрғын үй қорынан пәтер алу үшін әр түрлі санат бойынша кезекте 2244 адам  адам тұр.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР