2024-07-27 12:30:16
34.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Армспорттан өткен әлем чемпионатында Түркістандық спортшылар 21 рет Әнұранды шырқатты

Армспорттан өткен әлем чемпионатында Түркістандық спортшылар 21 рет Әнұранды шырқатты

Бұл күндері Алматы қаласында өтіп жатқан, армрестлингтен 44-ші әлем чемпионатыны өтті. Жас-жеткіншектер, жасөспірімдер және жастар арасында өткен әлемдік додада жерлестеріміз 21 алтын алқаны қанжығаларына байлап, жанкүйерлерімізді қуантты. Жеңіс тұғырынан көрінген жерлестерімізді атап айтар болсақ, жеткіншектер арасында жеңімпаз атанғандар қатарында Жасурбек Маманияз бен Нұрсұлтан, Болат Мелдебек бар. Сонымен қатар, жеңімпаз атанған Нұрислам Абсаттар, Ұлжан Оралбай өздерінің мықтылықтарын көрсетті. Ал, жасөспірімдер арасында көш бастаған Нұрислам Бекхан мен Жармахан Сәрсенбай, Әділет Ибрагим, Тұрарбек Тұрғанбек, Нұрболат Басымбек пен Ермахан  Полат — Түркістан облысының мақтаныштары.

Жарыста топ жарған  Данияр Роман мен Зейнеп Тазабек, Аружан Абдулла, Ырысты Оразханнан спорт мамандары үлкен үміт күтіп отыр. Бұлар да алтынға қол жеткізді. Қол күресінен өтіп жатқан әлем чемпионатында Санжар Зәрубек пен Бекжан Қожантай, Нұрхан Қадір мен Мұқасан Самат, Бекқуат Ақтай да бас жүлде жеңіп алды. Қыздар арасында жеңістің шыңын бағындырған Лаззат Мәлікайдар — ғаламат жеңіске жетті.

Алматы қаласында жалауы түрілген қол күресі шеберлерінің арасындағы әлемдік додада еліміздің мерейін үстем етіп, көк туымызды көкте 21 рет қалықтатқан жерлестерімізді құттықтаймыз.

Алдағы өтетін ірі жарыстарда да топ жарып, абыройлары асқақтай берсін.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР