2024-07-27 08:39:35
27.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

«Ақылды балаға – сыйлыққа «ақылдым» байқауы өтті

«Ақылды балаға – сыйлыққа «ақылдым» байқауы өтті

Шымкент қаласында Ы.Алтынсарин атындағы Түркістан облыстық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы мен республикалық «Ақылдым» журналы бірлескен балаларға арналған іс-шара өтті.

«Ақылды балаға – сыйлыққа «Ақылдым» облыстық акция-байқауы сүйікті 20 үміткер топ қатысып,  бақ сынасты. Байқау үш кезең бойынша өтті. Бірінші кезеңде балалар «Ақылдым» журналы туралы ойымен бөлісіп, ұсыныстарын білдірсе, екінші кезеңде еркін тақырыпта қиял-ғажайып ертегі жазды. Ал үшінші кезеңде жетекшімен бірге қабырға газетін жасап, қорғап шықты.

Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені З.Космодемянская атындағы №23 мектеп-лицейінің 7-сынып оқушысы Айдар Әмина иеленсе, 1-орынды Р.Мырзашев атындағы №76 негізгі орта мектебінің 7-сынып оқушысы Мәжит Мәлика, 2-орынды З.Космодемянская атындағы №23 мектеп-лицейінің 4-сынып оқушысы Қабылбек Аңсар, ал 3-орынды №138 жалпы орта білім беретін мектебінің 6-сынып оқушысы Тұрысбек Айзере жеңіп алды. Ал байқауға белсене қатысқан оқырмандар ынталандыру сыйлығымен және алғыс хатпен марапатталып, арнайы сыйлықтар табысталды.

Байқау мақсат – кішкентай оқырманды кітаппен, балаларға арналған баспасөзбен таныстыра отырып, бала қиялының шарықтауына, өзара диалог құру кезінде сөздік қорының молаюына қолдау көрсету, ертегілер арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеу, сонымен қатар баланы ақылды, ізденімпаз, ұшқыр ойлы, жан дүниесінде сезімталдықты орнату үшін оны рухани тұрғыда тәрбиелеу, ояту, санасына шабыт беру, сөз бен ойдың сұлулығының негізі кітапта екенін ұғындыру.

– Ұлттық сана-сезімі жоғары, рухани ойлауы терең, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор ұрпақты кітап оқу арқылы тәрбиелеу, кітапты сүйе білуге, кітапты қадірлеуге баулу – ол әрбір кітапханашының басты міндеті, – деді шараны ұйымдастырушылар. Сондай-ақ тек қана кітап емес, сонымен қатар балаларға арналған түрлі мерзімді басылымдар да өз оқырманының жүрегінен орын алып, білім нәрімен сусындатып отырғанын тілге тиек етті.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР