2024-04-25 14:53:14
18.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Ақылды балаға- «Ақылдым»

Ақылды балаға- "Ақылдым"

Балалардың  шығармашылық қабілетін арттыру, қиял көкжиегінің кеңеюіне ертегілер арқылы ықпал ету мақсатындағы «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы және республикалық «Ақылдым» журналы бірлесе ұйымдастырып отырған «Ақылды балаға-сыйлыққа Ақылдым» акция-байқауы Түлкібас ауданында өз жалғасын тапты.

Аталмыш байқаудың шымылдығын Түлкібас ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Аманов Мақұлбек Керімбекұлы ашып берді. Сынға түскен қатысушыларға Республикалық «Ақылдым» журналының редакторы, «Қызмет» газеті жауапкершілігі серіктестігінің директоры, «Серпіліс» қоғамдық қорының директоры Нарымбетова Бейсенкүл Жақсыбекқызы, Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының балалар бөлімінің меңгерушісі Байдаулетова Дана Хантөреқызы қазылық етті. Барлығы 18 оқырман 3 кезең бойынша бақ сынасты.

1 кезең бойынша балалар «Ақылдым» журналымен қалай танысқанын бейнеролик жүзінде таныстырып, журналға ерекше идеяларын ұсынды.

2 кезең «Ертегі айтып беремін» атауымен аталған айдарда қатысушылар өз қиялымен ертегі құрастырды.

3 кезеңде жетекші кітапхана қызметкерлерінің көмегімен «Қабырға газеті» дайындалып, көпшілікке таныстырылды.Қызу талқылау нәтижесінде бас жүлдені аудандық балалар кітапханасының оқырманы Сексен Дамеля иеленіп, облыстық байқауға жолдама ұтып алды.

1 орынға Кемербастау а/к оқырманы Кеңесбай Гүлден және Тастұмсық а/к оқырманы Кулиева Лалахан лайық деп танылды. 2 орынға аудандық балалар кітапханасының оқырманы Нұрланқызы Дариға, Балықты а/к оқырманы Әмірхан Әліби, Абай а/к оқырманы Нұрмат Айзере және 3 орынға Керейт а/к оқырманы Елемес Назерке тұрақтады.

Барлық белсенділік танытқан қатысушыларға алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР