2024-07-27 11:59:03
34.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Ақпараттық топтың жұмысы атырауда жалғасты

Ақпараттық топтың жұмысы атырауда жалғасты

Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасынан құрылған арнайы ақпараттық топ Атырау облысының туристік қауымдастық өкілдеріне Түркістан өңірінің туристік әлеуеті жөнінде таныстырылым өткізді. Іс-шараға Атырау облысы кәсіпкерлік және туризм басқармасы, Атамекен кәсіпкерлер палатасының басшылығы, БАҚ бұқаралық ақпарат құралдары және жергілікті туристік қауымдастықтар мен туристік ұйым өкілдері қатысты.

Кездесуде киелі аймақтың тарихи-мәдени және табиғи нысандары бойынша ақпараттар берілді. Түркістан облысының мәдениет және туризм басқармасымен Атырау облысы кәсіпкерлік және туризм басқармасы, Атырау облысы кәсіпкерлер палатасы және «Туризм және қызмет көрсету» салалық кеңесі арасында ынтымақтастық жөнінде меморандум түзілді. Келіссөзде мекемелер арасында іскерлік байланысты нығайту, ақпараттық қолдау, өңірлердің туристік әлеуетін маркетингтік ілгерілету қарастырылған.

Сапар аясында ынтымақтастық орнату мақсатында еліміздегі ірі мұнай компанияларының бірі «ЕмбіМұнайГаз» АҚ» қызметкерлеріне Түркістан облысының туристік нысандары мен көрікті жерлері жөнінде ақпараттар берілді. Жиын қатысушылары Түркістан облысына келуге қызығушылық танытты.

Түркістан облыстық мәдениет және туризм
басқармасының баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР