2024-06-15 07:21:27
18.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Аймақтық «Арай-2023» байқауы өз мәресіне жетті

Аймақтық «Арай-2023» байқауы өз мәресіне жетті

Түркістанда облыстың 5 жылдығына орай аймақтық «АРАЙ-2023» жас эстрада әншілері мен мәдени іс-шара жүргізушілері байқауы өтті. Байқаудың бірінші күнінде мәдени іс-шара жүргізушілері үш кезең бойынша, бүгін жас эстрада әншілері екі кезең бойынша бақ сынады. Таланттарды бағалау үшін ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстан композиторлар одағының мүшесі, Республикалық байқаулардың лауреаты Құралай Сәтмұхамбетова, ҚР Мәдениет қайраткері, әнші, Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармония әртісі Айжан Тәженова, ҚР Мәдениет саласының үздігі, продюсер, режиссер Алиакбаров Мейіржан, әнші, ҚР Мәдениет қайраткері, халықаралық байқаулардың лауреаты, Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармония әртісі Мамадияр Тәукеев, «Қазақстан дауысы» тележобасының жеңімпазы, республикалық байқаулардың лауреаты Данияр Барыс сынды шығармашылық интеллигенция өкілдері, танымал орындаушылар, композиторлар мен продюсерлерден құралған кәсіби қазылар алқасы төрелік етті.

Қазылар алқасының шешімімен жас эстрада әншілері бойынша Қызылорда облысынан келген Аягөз Аралбайқызы Бас жүлдені иеленсе, Түлкібас ауданының қатысушысы Маржан Шәріпқан жүлделі І орын иегері атанды. Ал жүлделі ІІ орын Шардара ауданынан Шахзод Сана мен Жетісай ауданынан Берік Шойнға, жүлделі ІІІ орын Жамбыл облысы Мадина Абдрахман мен Түркістан қаласына «Үгәй» дуэтіне және Ордабасы ауданынан «Дарын» квартетіне бұйырды. Төле би ауданынан Бақдәулет Ағабек Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасының жүлдесімен, Шымкент қаласынан Айжан Пірімжар Түркістан облысы мәдениет және халық шығармашылығы орталығынң жүлдесімен, Бәйдібек ауданынан Мади Сатман Шәмші Қалдаяқов атындағы жүлдемен, Сайрам ауданынан Ернұр Айнабек Сейдулла Бәйтереков атындағы жүлдемен, Сарыағаш ауданынан Фарход Бахтов Ержан Серікбаев атындағы жүлдемен,  Арыс қаласынан Ердос Сейілхан «Ең үздік өңделген ән» номинациясымен марапатталды.

1995 жылдан бері өтіп келе жатқан дәстүрлі байқаудың мақсаты дарынды жас эстрада әншілері мен мәдени іс-шара жүргізушілерін анықтау, республикалық, халықаралық байқауларға қатысуын қамтамасыз ету, оларға қолдау көрсету болып саналады. Жалпы өнер сайысына Шымкент қаласы және Қызылорда облысы, Жамбыл облысы мен Түркістан облысының аудан-қалаларынан 125 үміткер өтінім тастап, 41 үміткер байқауға жолдама алған болатын.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР