2024-07-27 08:44:48
27.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Әжелер байқауы өтті

Әжелер байқауы өтті

Жетісай ауданында «Әже – ақыл, ата – дәстүр» атты әжелер байқауы өтті. Байқауға А. Шерипова, Ұ. Құдайбергенова, В. Оңғарбаева және У. Айтқожаевалар қатысты. Әжелер 4 шарт бойынша, яғни  «Қол өнер – сырлы өнер», «Салт – дәстүрім – таусылмайтын байлығым!», «Сұрақ – жауап» және «Өнерлі әжелер өлкесі» шарттары бойынша өз өнерлерін ортаға салды.

Қатысушыларға Жетісай аудандық әжелер алқасының төрайымы Қоңырбаева Айжамал, Жетісай аудандық «Ардагерлер» кеңесінің жанынан құралған «Әкелер» мектебінің төрағасы Жарменов Мәуленқұл, Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімінің бас маманы Нөкербек Ақжарқын, Жетісай ауданының аналар кеңесінің төрайымы Басымбекова Рахиля, Жетісай ауданының қоғамдық келісім кеңесінің кеңесшісі Айтышова Раушан, Жетісай ауданының аудандық мәдениет үйінің хормейстері Ермекбаева Сәнім, Жетісай ауданының адами әлеуетті арттыру бөлімінің бас маманы Исаева Разия, Жетісай ауданының тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Рысмұқанов Құрманбек, Жетісай ауданының жастар орталығы инспекторы Мұратбек Асхат, «Санұр» қоғамдық телеарнасының директоры Саржанова Гүлмира, Жаңа Жетісай аудандық газетінің редакторы орынбасары Өсербаева Эльмира, қоғам белсендісі Гүлжан Серікқызы әділ бағасын берді.

Іс – шара соңында, байқауды қорытындылау мақсатында Жетісай аудандық әжелер алқасының төрайымы Қоңырбаева Айжамал, Жетісай аудандық «Ардагерлер» кеңесінің жанынан құралған «Әкелер» мектебінің төрағасы Жарменов Мәуленқұл және «Бірлік» ауылдық мәдениет үйінің директоры Ботакөз Ділдәбековалар сөз алып, байқаудың өз деңгейінде өткенін мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР