2024-07-27 11:48:27
34.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Әр жұма сайын Түркістан қаласында өтетін «Tourist Time» жобасына қатысушылар қатары артуда

Әр жұма сайын Түркістан қаласында өтетін «Tourist Time» жобасына қатысушылар қатары артуда

Шетелдік қонақтар, еліміздің өзге аймақтарынан келушілер, жергілікті тұрғындар ерекше жобадағы әртүрлі ойындарға қызығушылықпен қатысып, сыйлықтарды ұтып алуда.

Кезекті бағдарламаның 1-орын иегері «Silk way» қонақ үйіне екі адамға жолдама алса, 2-ші орынға «Altyn Samuryq» ұшатын театрға 2 билет, ал 3-ші орыннан көрінген жеңімпазға кинотеатрға 2 билет ұсынылды. Ойын барысында үздіктер таңдалып, «Baloo» балалар ойын алаңына сертификаттар берілді. Марапаттар мен сыйлықтарды «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы ЖШС-нің бас директоры Серік Сандыбаев табыстады.

Еске салсақ, «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы ЖШС-і мен «Turkistan» телеарнасының бірлескен «Tourist Time» жобасы 14 шілде күні басталған болатын. Жоба барысы телеарнада тікелей эфир арқылы көрсетіледі.

Сіздерді көңілді кештің куәгері болуға және керемет мүмкіндікті жіберіп алмауға шақырамыз.  Әр жұма сағат 20:30-да «Ұлы дала елі» орталығының алаңында күтеміз!

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР