2024-07-27 18:46:56
37.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

92 447-ден астам көрермен қамтылған

92 447-ден астам көрермен қамтылған

Түркістанның облыс орталығы болуына 5 жыл толуына орай, «Оңтүстікфильм» мекемесінің «Сіз білесіз бе?» жобасы аясында дайындаған «TURKIsTANYM» танымдық бейнероликтер айдарының келесі таныстыру бағыты — «Конгресс Холл» МКҚК.

«Конгресс Холл» ғимараты 2020 жылдың 28 қыркүйегінде пайдалануға берілді. Кешенде жалпы сыйымдылығы 1000 орынды концерт залы, 300 адамға арналған мейрамхана, 30-40 адамдық 2 көп функционалды конференц залы, 10 орынды VIP мәжіліс залы, жалпы ауданы 941.92 м2 көрме алаңы, галерея, вокал, гримм бөлмелері, жас жеткіншектердің ойын дамытуға арналған балалар бөлмесі, би және фитнес залдары жұмыс істейді. Кешеннің көп функционалдылығын, мүмкіндіктерін ескере отырып, мекемеде би үйірмесі, фитнес, балалар бөлмесі, вокал үйірмелері жүйелі қолға алынған.

2020 жылы ғимарат пайдалануға берілген уақыттан бері  254-тен астам концерттер мен түрлі іс-шаралар өткізілді. Сонымен қатар, 92 447-ден астам көрермен қамтылған.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР