2024-07-27 09:38:06
27.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

5-алтын, 2-күміс, 2-қола медаль олжалады

5-алтын, 2-күміс, 2-қола медаль олжалады

Түркістан — талантты спортшылардың мекені. Мұнда қазір барлық күрес түрлері әлемдік талаптарға сай өркендеуде.  Астана қаласында самбо күресінен 6-11 маусым аралығында самбо спорт шеберлері арасында өтіп жатқан Азия және Океания чемпионатында Түркістан облысының дарынды балуандары жеңіске жетіп, жанкүйерлерін қуантты.

Кілемде өздерінің шеберліктерін көрсеткен Түркістан облысының ұлдары мен қыздары 5-алтын, 2-күміс, 2-қола медаль олжалады.

Құрлықтық додада қарсылас шақ келтірмеген жерлестеріміздің қатарында 64 келіде Дияс Давлятов ұллар арасында топ жарса, 98 келіде Асмас Темірбай күміспен күптелді. Ал, +98 келіде Сардар Абдисамиұлы қола алқаны қанағат етті.

Ал, қыздар арасындағы жауынгерлік самбодан 50 келіде Пайыз Жадыра, 80 келіде Ұлбосын Адиловалар алтыннан алқа тақса, 59 келіде Гүлзира Құдасбек күміс алқаны иеленді. Сонымен қатар, спорттық самбодан 50 келіде Айман Ибрагимова мен 80 келіде Нурила Асанқызына тең келер қарсылас болмады. Олар жеңістің шыңын бағындырып, алтын жүлдені ел қоржынына салды. Бұл бәсекеде 72 келідегі аруымыз Ақбота Қыдырәлі қола алқаны қанағат етті.

Жерлестерімізді жан-жақты дайындап, әдіс- тәсілдерін үйреткен жаттықтырушылар қатарында Әбдісадық Халилаев, Қанат Арығынбаев, Мөлдір Беисембаева, Қайрат Пазылбеков, Самат Арығынбаев, Нұрғали Танкеев, Мұхтар Бугинбаевтардың жемісті еңбектерінің нәтижесі деп білеміз.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР