2024-03-29 11:47:50
9.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

26-28 мамыр күндері Созақ ауданының Түркістан қаласындағы мәдениет күндері өтеді

26-28 мамыр күндері Созақ ауданының Түркістан қаласындағы мәдениет күндері өтеді

Құрметті Түркістан қаласының тұрғындары мен қонақтары!

Сіздерді облыстың 5 жылдығына орай ұйымдастырылған «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестиваль аясында 26-28 мамыр күндері аралығында Түркістанда өтетін Созақ ауданының мәдениет күндерін тамашалауға шақырамыз!

– 26 мамыр күні сағат 15:00 мен 19:00 аралығында Этноауыл аумағында салт-дәстүрлер көрінісі, ұлттық спорттық ойындар сайысы және ұлттық тағамдар жәрмеңкесі өтеді. Сонымен қатар дәстүрлі әншілер шеруі мен «Өзіңсің менің саз әнім…» атты Созақ ауданының 95 жылдығына орай ауданнан шыққан жергілікті сазгерлердің әндерінен ән шашу;

– 27 мамыр күні сағат 15:00 мен 19:00 аралығында Этноауыл аумағында «Ұлттық қолөнер – тәрбие көзі» атты Созақ ауданындағы қолөнершілер жәрмеңкесі және Түркістан облысының 5 жылдығына орай және Созақ ауданының 95 жылдығына арналған кітап көрмесі;

– 27 мамыр күні сағат 19:00-де «Visit Turkistan» орталығы алаңында «Өнерлі өлке – Созағым» атты аудан өнерпаздарының қатысуымен Гала-концерт өтеді.

Сіздерді облыстың 5 жылдығына орай ұйымдастырылған шараның куәсі болуға шақырамыз!

Келіңіздер, көріңіздер!

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР