2024-07-27 12:19:16
34.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

200 орындық жаңа мәдениет ошағы пайдалануға берілді

200 орындық жаңа мәдениет ошағы пайдалануға берілді

30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай Сарыағаш ауданындағы Дихан баба ауылы тұрғындарына 200 орындық жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді. Салтанатты ашылу рәсіміне аудан басшысы  Арман Абдуллаев қатысып, ауыл тұрғындарын құттықтады.

– Баршаңызды заман талабына сай бой көтерген мәдениет үйінің ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Мәдениет саласының өсуі – халықтың өсуі, ұлттың өркендеуі. Сондықтан да мемлекет мәдениет саласының дамуына ерешке мән беріп келеді. Мерейлі мереке айбынымызды асқақтатар Ата Заң күніне орай ашылған мәдени ошақ құтты болсын! Игіліктеріңізге жарасын! Болашақ өнер саңлақтарының алғашқы сахнасы болсын! — деді аудан әкімі.

Жаңа екі қабатты мәдениет үйінің ғимараты кітапхана, оқу залы, конференциялар мен хореографиялық бөлмелер, шығармашылық ұжымдар мен үшін кабинеттер, кең концерт залы, сондай-ақ заманауи музыкалық жабдықтар мен түсті музыкадан тұрады. Мәдени және бұқаралық іс-шараларды өткізу үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған.

Мәдениет үйінің салтанатты ашылу рәсімі өнерпаздардың әнімен әрленді. Ауыл ақсақалдары батасын беріп, әжелер мәз-мейрам болып, шашу шашты. Олар аудан басшысына алғыстарын айтып, ән тыңдап жан сергітер шаңырақтың ашылғанына бек қуанышты екендерін жеткізді.

Түркістан облысының мәдениет және туризм
басқармасының баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР