2024-02-21 03:39:00
-8.7 C
Шымкент

Көп қаралғандар

1 шетелдік турист Қазақстанға қанша табыс әкеледі

1 шетелдік турист Қазақстанға қанша табыс әкеледі

Қазақстанға алыс шет мемлекеттерден келген әрбір турист орта есеппен 1500 доллар көлемінде табыс әкеледі. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті.

Ұлттық банк дерегіне сәйкес, Қазақстанға алыс шет мемлекеттерден сапарлайтын 1 турист орта есеппен 1500 доллар көлемінде табыс әкеледі. Әр шетелдік турист 2 жұмыс орнын ашуға себеп болады.

Былтыр елімізге 1 миллионға жуық шетелдік турист келген. Нәтижесінде туризм қызметінен түскен салық мөлшері 389 млрд теңгеге дейін жетіп, рекордты нәтиже тіркелді. Оның ішінде еліміздегі орналастыру орындары 183 млрд теңге табыс тапқан.

«Елімізде соңғы екі жылда туризм саласында жұмыс істейтіндердің саны айтарлықтай артып, 500 мыңға жуықтады. Мәдениет және спорт министрлігі 2029 жылға дейін туризм саласында 800 мыңға жуық адамды жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр», — деді Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР