2024-04-26 07:26:22
12.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Жастар лигасында 24 команда ширек финалға шықты

Жастар лигасында 24 команда ширек финалға шықты

«Шымкент жастар лигасы» жобасы аясында аудандық командалар спорттық жарыс түрінен сайысқа түсті, деп хабарлайды Citynews.kz

Абай ауданы бойынша баскетболдан 36 команда бақ сынасып, №23, 33, 42 және №2 «Дарын» мектептері ширек финалға жолдама алды. Ал валейболдан 35 команда финалға шықты. Әл-Фараби ауданында баскетболдан 23 команда жарысып, №1, 8, 9, 45мектептері ширек финалға жолдама алды. Сонымен қатар, валейболдан 26 команда бақ сынасып, № 7, 9, 18, 64 мектептері ширек финалға шықты.

Еңбекші ауданы бойынша 29 команда валейбол спорт түрінен жарысып, нәтижесінде № 25, 94, 104, 127 мектептері ширек финалға жолдама алса, баскетболдан жарысқан 33 командадан,№31, 28, 39,41 мектептері ширек финалға жолдама алды. Ал, Қаратау ауданынан35 команда валейболдан бақ сынасып №68, 89, 131, 113 мектептер ширек финалға шықты. Ал, «Баскетбол» спорт түрі бойынша 36 команданың №72, 59 мектептің спорт алаңшасында ойындары жалғасуда.

Айта кетейік, әрбір спорт түрінен Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандарынан қалалық жарысқа 16 командаға жолдама беріледі. ІІ кезеңде 16 команда арасында 1/8 финалдан бастап, 1/4 финал, 1/2 финал, финалдық ойындармен жеңімпаз командалар анықталатын болады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР