2024-04-27 11:44:12
14.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Азаматтық Альянс атқарылған жұмыстарды қорытындылады

Азаматтық Альянс атқарылған жұмыстарды қорытындылады

Шымкент қаласының Азаматтық Альянсының 2023 жылы атқарған жұмыстары бойынша есеп беру жиыны өтті. Оған қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысы Бахтияр Өнербаев, үкіметтік емес ұйымдар және зиялы қауым өкілдері қатысты.

Жиында «Азаматтық Альянс» ЗТБ қызметінің былтыр жүзеге асқан жұмыстары және 2024 жылға жоспарлары талқыға түсті. Шымкент қаласының «Азаматтық Альянсы» ЗТБ төрағасы Жұмағали Білісбеков өткен жылы оң нәтижелер болғанын айта келе, биыл да бірқатар іс-шаралар қолға алынатынын мәлімдеді.

Өткен жылы Азаматтық Альянс мүшелері түрлі тақырыптар бойынша 8 өңірлік азаматтық форумға қатысты. Екі күндік Азаматтық форум ұйымдастырылып, онда 200-ден астам ҮЕҰ өкілдері бас қосты. Сонымен қатар, тақырыптық ашық есıк күндерı, түрлі конкурстар, әлеуметтік жобалар, тренингтер өткізілді.

– Биыл да бірқатар жобаларды іске асыруды жоспарлап отырмыз. Қаладағы азаматтық ресурстық орталықтың жұмысын жандандыруды және азаматтық форумдарда қабылданған жоспарларды іске асырсақ дейміз. Азаматтық ресурстық орталық әлеуметтік тапсырыс бойынша одан әрі жұмысын жалғастырады. Одан бөлек, ҮЕҰ-дың дамуы, олардың біліктілігін арттыру үшін көптеген іс-шаралар өткізіледі. Көршілес елдердің ҮЕҰ өкілдерімен бірлесе атқаратын жобаларымыз да бар, – деді Жұмағали Дәулетбекұлы.

Қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысы Бахтияр Өнербаев ЗТБ өкілдеріне түрлі идеяларды ұсынуды, жалпы қоғамдағы өзекті мәселелерді шешуде бірлесе жұмыс істеуге шақырды.

Іс-шара барысында Шымкент қаласының Азаматтық Альянс басшылығы азаматтық сектордың барлық қатысушыларына қала тұрғындарының өмірін және қоршаған ортаны жақсартуға қосқан үлестері, ұмтылыстары үшін алғыс білдірді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР