2024-04-27 11:51:19
14.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Өңірлік кадр резервтері: кім қатыса алады

Өңірлік кадр резервтері: кім қатыса алады1 наурызда Қазақстанда Өңірлік кадр резервтеріне іріктеу басталады. Іріктеуге жоғары білімі және кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар 35 жастан аспаған Қазақстан азаматтары қатыса алады, деп хабарлайды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі.

Қазақстан Республикасының Президенті тағайындаған адамдар, саяси қызметшілер, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері, Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар өңірлік резервке іріктеуге қатыса алмайды.

Өңірлік резервке алынатын кандидаттардың санын, салалық бағыттарды өңірлік кадр комиссиялары өңірдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды және мемлекеттік басқару жүйесін дамытудың басымдықтарын ескере отырып, айқындайды.

Іріктеу бірнеше кезеңнен тұрады және 2024 жылдың 1 наурызынан маусым айының соңына дейін жалғасады.

Резервте болу мерзімі – 2 жыл. Осы кезеңде резервшілер сайланатын лауазымдарды қоспағанда, жергілікті атқарушы органдарда «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына заңнамада белгіленген тәртіппен тағайындалуы мүмкін.

Сайтта қалай тіркелуге болады?

Іріктеуге қатысу үшін а.ж. 1 наурызынан 31 наурызына дейін onir.pkrezerv.gov.kz онлайн-платформасында жеке деректерді көрсету арқылы тіркелу қажет. Құжаттарды қағаз жеткізгіште немесе электрондық түрде ұсынған кандидаттар да онлайн-платформада тіркеліп, құжаттарды тапсырғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде, бірақ хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдаудың соңғы күнінен кешіктірмей құжаттарды жүктейді.

«Жеке деректер» бөлімінде дұрыс байланыс деректерін көрсетумен қатар, үміткерлер кадр резервінің өңірін және салалық бағытты таңдауы қажет. Екі және одан да көп өңірлік резервті немесе салалық бағыттарды таңдауға, сондай-ақ өңірлік резервті немесе салалық бағытты қайта таңдауға жол берілмейді.

Сәтті тіркелу үшін іріктеуге қатысушыларға белгіленген талаптарды сақтау, ұсынылған мәліметтер мен құжаттардың дұрыстығын қамтамасыз ету бойынша міндеттемелер қабылдау қажет. Барлық қажетті файлдар жүктелуі керек.

Жобаға қатысу үшін қандай құжаттар қажет?

Өңірлік резервке іріктеуге қатысқысы келетін азаматтар келесі құжаттарды қосып өтініш беру керек:

— Қазақстан Республикасы жеке куәлігінің немесе паспортының көшірмесі;

— бiлiмi туралы құжаттардың және оларға қосымшалардың көшiрмелерi;

— соңғы жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған, еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі.

Өңірлік резервке іріктеу келесі кезеңдерден тұрады:

1) кандидаттардың құжаттарын қабылдау (1 наурыздан 31 наурызға дейін);

2) заңнаманы білуге (5 сәуірден 9 сәуірге дейін) тестілеу және жеке қасиеттерін бағалау (13 сәуірден 14 сәуірге дейін);

3) құзыреттерді бағалау (22 сәуірден 7 маусымға дейін);

4) өңірлік комиссиядағы құрылымдық сұхбат (13 маусымнан 15 маусымға дейін);

5) өңірлік комиссияның отырысында өңірлік резервке алуға ұсынылған кандидатураларды қарау (15 маусымнан 17 маусымға дейін).

Бірінші кезеңге қалай жазылуға болады?

Бірінші кезең «Заңнаманы білуге тестілеуге» жазылу тапсырылған өтінімнің қабылданғанын растайтын хабарламаны алған сәттен бастап 2024 жылдың 31 наурызы сағат 23:59-ға дейін қолжетімді болады.

Кері байланыс

Тіркелу кезінде туындаған сұрақтар бойынша үміткерлер onir.pkrezerv.gov.kz сайтындағы Jivo чаты арқылы тәулік бойы қолдау қызметіне, консультация алу үшін сағат 9:00-ден 18:30-ге дейін 7 7172 96-77-77 телефоны (ішкі нөмір — 3)  және info@pkrezerv.gov.kz электрондық поштасына хабарласа алады.

Сондай-ақ onir.pkrezerv.gov.kz платформасының «Байланыс» бөлімінде Өңірлік кадр резерві бойынша өңірлердегі жауапты мамандардың байланыс деректері көрсетілген.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР