2024-03-19 16:53:44
19.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шавкат Рахмановтың UFC-дегі жеңісі үшін алған табысы белгілі болды

Аралас стильдегі қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов 24 қазанда Абу-Дабидегі «Бойцовский аралында» өткен UFC-дегі дебюттік жекпе-жегінде бразилиялық Алекс Оливейраны жеңгені үшін 37 500 доллар тапты, деп хабарлайды CITYNEWS.KZ ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Шавкат Рахмановтың UFC-дегі жеңісі үшін алған табысы белгілі болды

Атап айтқанда, қазақстандық октагонға шықаны үшін 10 000 доллар, жеңісі үшін — 10 мың доллар, UFC промоутерлік бонусынан тағы 3 500 доллар алды. Сонымен қатар, оның қарсыласы Оливейра Рахмоновқа 14000 доллар «берді».

Өз кезегінде бразилиялықтың жалпы табысы 61 мың долларды құрады, бірақ кепілдікте 70 мың болды. Сондай-ақ, Оливейра UFC-ден 5000 доллар көлемінде промоутерлік бонус алды.

Sports Daily газетінің хабарлауынша, Хабиб Нурмагомедов Джастин Гэтжимен болған жекпе-жек үшін алты миллион доллардан астам пайда тапты. Басылымның дереккөзі ресейлік спортшы жекпе-жек үшін алты миллион алғанын, сонымен қатар Хабиб 50 мың доллар көлемінде кештің қойылымы үшін бонус алғанын және жекпе-жек алдында түрлі жарнамалық шараларға қатысқаны үшін тағы 40 мың алғанын хабарлайды.

Сонымен қатар, Нурмагомедов жеке ақылы трансляцияларды (PPV) сатудан және басқа да демеушілік төлемдерден пайыз алады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР