2024-03-19 16:27:01
18.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

«Алтын қалам» жүлдесі кімге бұйырды?

"Алтын қалам" жүлдесі кімге бұйырды?
«Алтын қалам 2020» байқауына Қазақстан, Ресей, Украина, АҚШ, Израиль, Белорусь елдерінен, сонымен қатар биыл тұңғыш рет Моңғолия және Орталық Африка республикасынан барлығы 408 автор қатысты.Орталық Африка республикасына қоныс аударған қаламгер елімізден жырақта жүрсе де танымал әдеби жүлдеде көппен бірге бақ сынауға бел буған, деп хабарлайды CITYNEWS.KZ ақпарат агенттігі today.kz сайтына сілтеме жасап.
Наурыздың 15-нен қыркүйектің 15-не дейін қабылданған 600-ге жуық шығарма  байқаудың www.akalam.kz ресми сайтында жарияланып, оқырмандардың және қазылардың сараптауынан өтті.

 

Жеңімпаздар тізімі:

ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ПОЭЗИЯСЫ — «Сен ғана». Макинара Хайрим.  Астана.

ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ПРОЗАСЫ — «Өлім гүлі немесе қытай түрмесінен қашқан қазақ қызының күнделігі». Ертай Айғалиұлы. Алматы

ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК САТИРАСЫ —  «Түпән талып қалды». Алпысбай Хонж. Павлодар.

ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК КИНОСЦЕНАРИЙІ ЖӘНЕ ДРАМАТУРГИЯСЫ — «Әкім келе жатыр».  Қундық Түменбай. Алматы

ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ФАНТАСТИКАСЫ ЖӘНЕ ДЕТЕКТИВ ШЫҒАРМАСЫ -«Өмірзая. Қайтпас оқиғасы».  Сайлау Төлеуов. Семей

«ДАРАБОЗ» БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҮЗДІК ШЫҒАРМА — «Телқасқа».  Алпысбай Хонж. Павлодар.

«ҮЗДІК ҚАЗАҚ РОМАНЫ»  — «Қарақуыс» романы. Заман Төлеуов. Алматы

«ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНЕ ҚОСҚАН ЕЛЕУЛІ ЕҢБЕГІ ҮШІН» — Төлен Әбдік марапатталды

 Бауыржан Оспанов тағайындаған Есенқұл Маманов атындағы бас жүлде – 1  000 000 млн теңгені алматылық Заман Төлеуов жеңіп алды.  Жазушының «Қарақуыс» романы «Үздік қазақ романы» аталымы бойынша үздік деп танылды.  Тағы бір басты сыйлық – 1 000 000 теңгені  балалар шығармашылығына арналған «Дарабоз» байқауында өзгеден оза шапқан павлодарлық қаламгер Алпысбай Хонж иеленді.

    Кенже Жұманұлы, «Алтын қалам» әдеби жүлдесі ұйымдастыру комитетінің директоры: Пандемия салдарынан еліміздегі және әлемдегі жағдай көз алдымызда әп-сәтте өзгеріп шыға келді. Қауіпті індетке байланысты туындаған күрделі жағдайға қарамастан «Алтын қалам» жүлдесі жалғасын тапқанына қуаныштымын. Биылғы бәйгеде бақ сынағандар қатары былтырғыдан өскен және олардың арасында  танымал авторлар, қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық байқаулардан жүлде алған кәсіби деңгейі жоғары қаламгерлер көп болды. Бір атап өтерлігі, биыл akalam.kz сайтына кіріп, байқауға ұсынылған шығармалармен танысып, пікір білдіргендер қарасы қалың. Соңғы төрт күнде 1 млн-нан аса адам конкурстың ресми сайтын ашып оқыған».

«Алтын қалам» әдеби жүлдесі 2009 жылы құрылды. Байқаудың ерекшелігі сол —  жоба ұйымдастырушыларының әдебиетке қатысы жоқ, тек кітап оқығанды ұнататын оқырмандар.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР