2022-09-28 02:33:46
12.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

№8 мектеп-гимназиясының жаңа оқу корпусы келесі жылы пайдалануға беріледі

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов М.Х.Дулати атындағы №8 мектеп-гимназиясында болып, қосымша салынып жатқан оқу ғимаратының құрылыс жұмыстарын тексерді.

Нысан сапасын әкім бұған дейін де бірнеше рет келіп тексерген. Бекітілген өндірістік жұмыс кестесінен кешіккені үшін айыппұлдар салынып, жауапты тұлғаларға кеткен кемшіліктерді реттеуді тапсырған болатын. Қазіргі кезде барлық олқылықтар жойылып, құрылыс қарқынмен жүргізілуде.

Жаңа ғимарат 1 100 оқушыға лайықталған. Одан бөлек жобада 250 орындық АКТ залы, спортзал, 20-30 мың кітап қоры бар кітапхана мен 320 орындық асхана қаралған.

Құрылысы өткен жылдың маусым айында басталған, жоспарға сәйкес 2023 жылы падалануға беріледі.

Оқушыларға үш тілде білім беретін М.Х.Дулати атындағы №8 мектеп-гимназиясы Шымкент қаласындағы ең көне мектеп. 2021 жылы Қазақстан бойынша үздік «100 олимпиадалық мектептер» тізіміне енген.

Шаһар басшысы тек үздіктерді тәрбиелейтін білім ошағының қосымша ғимаратпен толығуы білімді жастардың артуына жол ашатынын айтып өтті.

Шымкент қаласы Түркістан көшесі бойында өрт сөндіру депосы жаңадан бой көтеруде. Бүгін қала әкімі М. Әйтенов нысанның құрылыс жұмысы барысымен танысып, жаңа корпустың нормативтік актіге сәйкестігін тексеріп шықты.

-Тозығы жеткен ескі сәулет ғимараты қала тұрғындарына ұзақ жылдар қызмет еткенін білеміз. Аумағы 0,3319 га жерді  алып жатқан сөндіру бөлімі мегаполистің орталық бөлігін қорғауға ыңғайлы. Сондықтан жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау кезінде осы ерекшелікке басты назар аудардық. Материалдық-техникалық базаны заман талабына сай жабдықтауға қолдау танытамыз,-деді әкім.

Ғимаратта әкімшілік корпус (АБК), 4 автомобильге арналған депо, диспетчер кабинеті, демалыс бөлмесі, қарауыл кабинеті, асхана, себезгі бөлмесі, санитарлық тораптар, баспалдақтар, киім шешетін бөлме, жеңдік бөлім, директор кабинеті, директор орынбасарының кабинеті, мұрағат, бастық кабинеті, қабылдау бөлмесі, акт залы, қоймалар, ГТҚҚ (Газ-түтіннен қорғау қызметі) кабинеті, оқу сыныбы, кабинеттер, дәліздер қарастырылған.

Құрылыс жұмысы толық аяқталғанда, қаладағы ең көне сәулет ғимараттарының бірінің орнында №3 өрт сөндіру бөлімінің жаңа заманауи ғимараты пайда болады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР