2026-05-04 12:10:17
20.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкент: Білім беру саласында өсім байқалды

Шымкент қаласының білім беру саласында 2026 жылдың алғашқы 4 айында бірқатар жүйелі жұмыстар атқарылып, негізгі бағыттар бойынша оң нәтижелерге қол жеткізілді.

Бүгінде қала аумағында барлығы 1 481 білім беру ұйымы жұмыс істейді. Онда 482 169 бала білім алуда. Атап айтқанда, білім беру ұйымдарының құрылымы төмендегідей: 294 мектеп, 654 балабақша, 37 колледж, 466 қосымша білім беру ұйымы, 25 арнайы мекеме және 5 арнайы орталық қызмет атқаруда.

Мектепке дейінгі білім беру саласында 654 балабақшада 77 589 бала тәрбиеленуде. Ағымдағы жылдың сәуір айында мектепке дейінгі мекемелерге 1 500 орынға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылды. Сонымен қатар, жыл соңына дейін қосымша 2 000 орынға мемлекеттік тапсырыс беру жоспарланған.

Биылғы жылы мектепке дейінгі білім беру инфрақұрылымын кеңейту жұмыстары да жалғасын тапты. Нәтижесінде 15 балабақша (1 394 орындық) пайдалануға берілді. Сондай-ақ, 1 маусымнан бастап мектепке дейінгі мекемелерден 1-сыныпқа баратын балалардың есебінен шамамен 15 000 орын босайды деп күтілуде.

Жалпы орта білім беру саласында қалада 294 мектеп жұмыс істейді. Оның 164-і мемлекеттік, 130-ы жекеменшік мектептер. Қала бойынша оқушылар саны 279 мыңнан асады, оның ішінде 209 мыңнан астамы мемлекеттік мектептерде, ал 69 мыңға жуығы жекеменшік мектептерде білім алуда.

Мектептердің құрылымы әртүрлі бағыттағы білім беру ұйымдарын қамтиды. Атап айтқанда, мамандандырылған мектептер, гимназиялар, лицейлер, «Келешек» мектептері және жалпы орта білім беретін ұйымдар бар.

Білім сапасы бойынша да оң динамика байқалады. Оқу жылының алғашқы үш тоқсанының қорытындысы бойынша көрсеткіштер тұрақты өсім көрсеткен: І тоқсанда – 54%, ІІ тоқсанда – 56%, ІІІ тоқсанда – 60%. Нәтижесінде жалпы өсім 6 пайызды құрады.

Жалпы алғанда, Шымкент қаласының білім беру саласында білім сапасы тұрақты түрде артып келеді. Бұл көрсеткіштер оқу процесінің жүйелі ұйымдастырылуы мен білім беру мекемелеріндегі жұмыстың тиімді жүргізілуінің нәтижесі болып табылады. Сонымен қатар, аталған өзгерістер оқу процесінің ашықтығын арттырып, педагогтердің жауапкершілігін күшейтуге ықпал етуде.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР