2022-11-30 08:57:41
4.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

«Teṅ qoḡam» әлеуметтік қолдау орталығы жыл басынан 8 мыңнан аса мүгедектігі бар азаматтарға қызмет көрсеткен

Қаламызда мүгедектігі бар әрекетке қабілетті азаматтарға ақпараттық-консультациялық, әлеуметтік, құқықтық және психологиялық қолдау көрсететін “Тең қоғам” орталығы жұмыс істейді.

Әлеуметтік мекемеде мүгедектігі бар азаматтар бос уақытын тиімді пайдалана алады және компьютерлік сауаттылығын ашуға мол мүмкіндіктері бар. Сондай-ақ, мұнда арнайы жабдықталған, 300-ге тарта кітап қоры бар. Яғни, зағиптарға арналған оқу машинасы және  Брайль әліпбиі негізінде жазылған көркем шығармалар жинағы да топтастырылған. Келушілерге аталған қызметтерді жүзеге асыруға арнайы мамандар жәрдем көрсетеді. Қызмет алушылардың өмірлік белсенділіктерін арттыру үшін шахмат, тоғызқұмалақ сынды ұлттық зияткерлік ойын түрлерін үйренуге барлық жағдай жасалған.

Сонымен қатар, орталық 2021 жылы іске қосылған «Әлеуметтік порталмен» қолдану жолдарын үйретеді және «Инватакси» мен «Әлеуметтік таксиге» қатысты барлық ақпаратты ұсына отырып, «Бір терезе» қағидасымен 5 бағытта  қызмет көрсетуде. Мәселен, әлеуметтік такси қызметіне – 791 адам жүгінсе, 1045 азамат — санаторий – курорттық емделуге жолдама алған, ал 564 адам — инватакси қызметін пайдалған. Жалпы ағымдағы жылдың 10 айында 8216 мүгедектігі бар азаматтарға қызмет көрсетілген.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Шымкент қаласында  38 775 мүгедектігі бар адам тіркелген. Оларға қолайлы жағдай жасау, жайлы орта құру, өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруға көмек көрсету үшін мемлекет тарапынан қарқынды шаралар жүргізілуде.

Орталық Ж.Аймауытов көшесі, 130 ғимаратында орналасқан.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР