2023-02-04 12:15:53
1.3 C
Shymkent

Көп қаралғандар

Шаһар басшысы Тұрандағы үйлердің құрылыс барысын тексерді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Тұран шағын ауданындағы жаңадан бой тіктеген тұрғын үйлердің құрылыс барысын тексеріп, мердігер мекеме басшыларымен кездесті.

Атқарылып жатқан жұмыстарды бақылап, сала басшыларына жұмыстың мерзімінде орындалуын қадағалауды тапсырды.

Мұндағы 176 пәтер «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «5-20-25» бағыты бойынша үй кезегінде тұрған азаматтарға «Отбасы банкі» арқылы берілуде.

Өткен айда шаһар басшысына тұрғындар тарапынан «Отбасы банкі» жариялаған конкурстың нәтижесі бойынша төлем қабілеттілігін растаған азаматтарға пәтерлердің уақытынан кешіктірілгені жайында шағым түскен. Осыған байланысты Мұрат Әйтенов жауапты мердігер мекеме басшыларымен құрылыс басында кездесіп, жұмыс барысын талқылады.

Мемлекеттік бағдарламалар аясындағы жобаларда кедергі болған мәселелер толықтай шешімін табатынын атап өтті.

Сондай-ақ 25, 26, 29 орамдарда жүргізіліп жатқан инфрақұрылым жүйелерінің құрылыс қарқынын тексерді.

Нысанда қала әкімі тарапынан айтылған кемшіліктер жойылып, бірқатар түзетулер жасалған. Жоспарға сәйкес, құрылыс 2 кезеңмен жүргізілуде.
Шаһар басшысы құрылысы жүргізіліп жатқан тұрғын үйлердің мердігер мекемелеріне құрылыс сапасын қатаң бақылауды және бекітілген өндірістік кестеден ауытқымауды тапсырды.

Бұған қоса аталған аумақтағы тұрғын үйлерді жылу жүйесімен қамтамасыз етіп отқан жылу қазандығының жұмыс барысын қадағалады. Сонымен қатар жауын шашын салдарынан тұрғын үйлердің шатырынан, тұрғын үй жертөлесіне су жиналу және терезе айналасынан су өтіп зақымданған пәтерлерді де аралап шықты.

Айта кетейік, биыл Шымкентте «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 239,2 мың шаршы метрді құрайтын 2972 пәтерлі 51 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде арендалық – 1320 пәтерді құрайтын 20 үй, кредиттік – 1652 пәтерлі 31 үй.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР