2024-07-27 05:50:05
24.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Маңызды көшедегі жөндеу жұмысының уақытша тоқтатылғанына түсініктеме берілді

Маңызды көшедегі жөндеу жұмысының уақытша тоқтатылғанына түсініктеме берілді

Мегаполистегі маңызды көше саналатын Қонаев даңғылының жалғасы және Қонаев даңғылындағы орташа жөндеу жұмыстарының қашан аяқталатыны жөнінде тұрғындар тарапынан сауалдар жиі қойылады. Жауапты басқарманың мәліметінше, аталған көшеде жөндеу жұмыстары уақытша тоқтатылған.

Нақты айтқанда, 2023 жылы Қонаев даңғылын, Түркістан көшесінен Рысқұлов-Қонаев жол айрығына дейінгі жол жамылғысына орташа жөндеу жұмыстары жоспарланып, құрылыс басталған болатын. Орташа жөндеу жұмыстары жол жамылғысының тозу қабатын (слой износа) жаңартуға және жол жамылғысын сақтауға бағытталған. Мамандар бұл өз кезегінде көліктердің қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етеді, дейді.

Алайда, мемлекеттік сатып алу конкурсының қатысушылары сотқа талап-арыз беруіне байланысты, жөндеу жұмыстары уақытша тоқтатылған. Сот процестері аяқталғаннан кейін орташа жөндеу жұмыстары жалғасын табатын болады. Ал жол таңбалау жұмыстары мердігір мекеме тарапынан қабылдау-өткізу актісіне сәйкес қосымша хабарланады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР