2022-07-07 01:29:32
23.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шағын және орта бизнесті дамыту

⁣Қалада 71 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектілері бар. Онда 153,1 мың адам жұмыс істейді.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Бүгінде қалада кәсіпкерліктің жалпы өнімдегі үлесі 31 пайызды құрайды, бұл әлі де аз.⁣⁣

Дамыған елдерде бұл көрсеткіш 50 пайыздан асады. Біз осыған ұмтылуымыз қажет.⁣⁣⠀
Осы мақсатқа жету үшін «Nur Otan» партиясының бастамасымен:⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
➢ Жастар мен әйелдер кәсіпкерлігін дамыту мақсатында «Мен кәсіпкер боламын» атты өңірлік іс-шара іске асырылады;⁣⁣⠀
➢ Алдағы 5 жылда 100-ден астам жастар мен әйелдерге жеңілдетілген несие беріледі;⁣⁣⠀
ЖЫЛ САЙЫН 20 АДАМ!⁣⁣⠀
➢ «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы шеңберінде 5 жылда 500 кәсіпкерге қолдау көрсетіледі.⁣⁣⠀
ЖЫЛ САЙЫН КЕМІНДЕ 100 ЖОБА!⁣⁣⠀
➢ «Еңбек» жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының аясында 5 ЖЫЛДА 300 ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІСІНЕ қолдау көрсетіледі.⁣⁣⠀
ЖЫЛ САЙЫН КЕМІНДЕ 60 ЖОБА!⁣⁣⠀
➢ Кәсіпорындарда еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз етіп, жұмыс берушілердің әлеуметтік кепілдіктер беруіне қоғамдық бақылау күшейтіледі;⁣⁣⠀
➢ Әкімшілік кедергілерді болдырмау үшін «Бір терезе» қағидасы бойынша «Бизнеске арналған Үкімет» жобасы іске асырылады.⁣⁣

Нәтижесінде осы салада жұмыспен қамтылғандар саны 159,4 мың адамға дейін артатын болады.⁣⁣

«Nur Otan» партиясының⁣⁣⠀
Шымкент қаласы бойынша⁣⁣⠀
Сайлауалды бағдарламасынан!⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Шымкент қалалық мәслихат депутаты Аширбаев Байкен!

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР