2024-04-27 11:32:50
14.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

«Бақытты жанұя» орталығының тәжірибесі өзге өңірлерге үлгі

«Бақытты жанұя» орталығының тәжірибесі өзге өңірлерге үлгі

Орталық аз қамтылған, көпбалалы және жалғызбасты аналар мен әкелерге ақпараттық қолдау, психологиялық, құқықтық кеңес беру, әлеуметтік көмектер алуға құжат тапсыру секілді түрлі қызметті ұсынады. Бүгінде қаламыздағы «Бақытты жанұя» орталығы базасына Астана, Алматы қалалары және облыстардан мамандар арнайы келіп, тәжірибе алмасуда.

Өткен жылы мұнда 22 305 азамат қызмет түрлерін алған. Қызметтердің 133-і онлайн, 22 305-і офлайн түрде көрсетілген. Өмірлік қиын жағдайға тап болған 1469 азаматқа орталықтың заңгері мен психологы көмек берді. Заңгерлер жеке қабылдау өткізіп, 514 азаматтың мәселесін жеке қараған, медиаторлар 217 отбасының күрделі мәселесін шешуге атсалысты.

Аталған орталықта 15 бағытта оқу курстары ұйымдастырылды. Мұндай шаралар – аналардың қосымша білім алып, бизнес бастауына, өз-өзін жұмыспен қамтып, әлеуметтік жағдайын жақсартуға үлкен мүмкіндік. Былтыр 683 ана дефектолог-логопед, компьютерлік, SMM, кейтеринг, кондитерлік, жартылай дайын өнімдерді әзірлеу, пішу, тігу, қолөнер, шаштараз, маникюр, педикюр, массаж және клининг курстарынан өткен. Нәтижесінде, 92-сі өз кәсібін ашып, 392-сі үй жағдайында өз-өзін жұмыспен қамтып отыр. Ал 18 ана «Бизнес бастау» мемлекеттік бағдарламасы аясында қайтарымсыз грант иеленді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР