2024-04-26 15:29:16
22.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Көпбалалы аналар тігін тігуді тегін үйренеді

Шымкентте «Бақытты жанұя» орталығы көпбалалы аналарға тігін тігуді тегін меңгеруге жағдай жасады. Өмірлік қиын жағдайға ұшыраған аналарды қолдайтын орталықтағы арнайы шеберхана тігін машиналары және қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған.

Көпбалалы аналар тігін тігуді тегін үйренеді

Қызмет алушылар құрақ көрпе, қыз жасауы мен сұранысқа сай сән үлгісіндегі киімдер және түрлі ою-өрнектер кестеленген қазақы нақыштағы тақияларды тігіп үйренуде. Оларға тігін ісін үйрететін шебердің бірі Еркінай Көшкінова. Көпбалалы ананың асырауында 12 жастағы мүмкіндігі шектеулі перзенті бар. Ерекше ұлы ою-өрнектердің дизайнын компьютер арқылы әзірлеп береді.

–«Бақытты жанұя» орталығына жыл басында жұмысқа орналастым. Содан бері осында қыз-келіншектерге тігін тігуді үйретіп келемін. Кәсібім өзіме қатты ұнайды. Үйде қысқа мерзімді кәсіптік оқу оқып, мемлекеттік грант қаржысына сатып алған тігін машинам бар. Қосымша тапсырыстар қабылдаймын. Ұлымды да осы кәсіпке баулып жатырмын. Адамда еңбастысы еңбек етуге ниет болуы керек,-дейді тігінші.

Орталықта жалпы түрлі бағыттар бойынша басқа да оқу курстары бар. Атап айтқанда, кондитерлік, компьютерлік сауаттылық, шаштараз, SMM, маникюр-педикюр, дефектолог-логопед мамандары. Мәселен, дефектолог-логопед тіл кемістігі бар балалардың аналарына тыныс алу және артикуляциялық  жаттығуларын үйретеді. Мақсат — аз қамтамасыз етілген отбасылар мен  көп балалы аналарға қолдау көрсету.

Сонымен қатар, орталық қызметкерлері келушілерге психологиялық, құқықтық кеңес береді. Атаулы әлеуметтік көмекке құжат тапсыру, тұрғын үй кезегіне тұру, Еqov.kz порталынан қызмет алу мәселелері бойынша көмектерін ұсынады. Мекемеде жыл басынан бері 7 мыңға жуық азаматқа қызмет көрсетілген.

Мекен-жайы: Шымкент қаласы, Республика даңғылы,4 А. Жұмыс уақыты дүйсенбі-жұма күндері аралығында (сағат 09.00-18.00-ге дейін)

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР