2024-11-25 06:56:03
1.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

ТҮРКІСТАНДА ТӘЖІРИБЕЛІ МЕТАЛЛУРГКЕ «ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІ ТАПСЫРЫЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА ТӘЖІРИБЕЛІ МЕТАЛЛУРГКЕ «ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІ ТАПСЫРЫЛДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев металлургтерді марапаттау туралы Жарлыққа қол қойып, қоғамды еңбек адамдарын құрметтеуге шақырған болатын.

Осыған орай, бүгін Металлург күні қарсаңында отандық металлургия саласындағы жемісті еңбегі, еліміздің өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық дамуына қосқан үлесі үшін жүздеген жұмысшы мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Түркістан облысында да еңбек адамына құрмет көрсетілді. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды тәжірибелі маман, Түркістан өңірінің дамуына үлес қосқан металлург Нұрлан Қадырәлиевке «Құрмет» орденін тапсырды. 1965 жылы туған азамат Шымкент механикалық зауытында слесар әрі болат балқытушы болған. Қазір «KARLSKRONA LC AB» компаниясында бас болат  балқытушы болып жұмыс істеп жүр. Жалпы еңбек өтілі 40 жылға жуықтаған.

Облыс әкімі марапат иесіне Президентіміздің еңбек адамдарына құрмет көрсетудегі бастамалары туралы айта келе, Түркістан оболысын дамытуда металлургтердің де үлесі бар екенін жеткізді.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының Жарлығымен металлургия саласында істейтін 22 жұмысшы «Құрмет» орденінің кавалері атанды, 41 өнеркәсіп қызметкері ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденінің, 51 адам «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері болды. Сонымен қатар 7 маман Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасын иеленді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР