2024-11-25 11:35:51
2.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖИҺАЗ ӨНДІРУШІЛЕРДІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖИҺАЗ ӨНДІРУШІЛЕРДІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы алаңында жиһаз өндірісі салалық кеңесінің отырысы өтті. Түркістандық жиһаз өндіруші кәсіпкерлердің басқосуында шетелдік көрмелерге қатысу кезіндегі шығындардың өтелуі, «Expo Mebel Astana» жиһаз, фурнитура, қаптама материалдары мен жабдықтар көрмесі және «Show room» жобасы тақырыбындағы мәселелер талқыланды.

Жиһаз өнеркәсібіне инвестиция тарту бойынша Түркістан облысы республикада көш бастап тұр. Өткен жылы осы өңірдің жиһаз өнеркәсібіне 13,2 млрд теңге инвестиция салынып, республикалық көрсеткіштің 76,8 пайызын құрады.

Облыс аумағындағы кәсіпкерлердің шетелдік көрмелерге қатысуға кететін шығыны шамамен 20-30 млн. теңге екенін ескерсек, бұл тек ірі кәсіпорындарға ғана қолжетімді болып отыр. Кәсіпкерлер өз өнімін шетелдік көрмеге шығарғысы келгенімен, қомақты қаржы шығару артық шығын. Сондықтан да шағын жиһаз өндірушілер шетелдік көрмеге қатысу үшін берілетін қаржы алдын ала берілу қажеттігін  айтты. Сондай-ақ, кездесуде «Expo Mebel Astana» жиһаз, фурнитура, қаптама материалдары мен жабдықтар көрмесіне қатысу бойынша ақпараттандыру жүргізілді. Көрме биыл 14-16 тамыз аралығында Астана қаласында өтеді. Жиынға «ZOOM» платформасы арқылы онлайн қатысқан көрменің негізгі ұйымдастырушысы «Kaziron Trade» ЖШС-ң көрмеге жауапты маманы Мақпал Аубакирова толыққанды ақпаратпен бөлісті. Жиында жиһаз өндірісіндегі кәсіпорындарға арналған «Show room» жобасы бойынша ұсыныс айтылды. Бұл дегеніміз — қаладағы барлық жиһаз өндіруші кәсіпорындардың сатылым дүкенін бір жерге тоғыстыру.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР