Түркістан қаласында қолөнер бұйымдарының кезекті жәрмеңкесі өтті. 106-ға жуық жас қолөнер шеберлері өз туындыларын келушілер назарына ұсынды.
Аталған шарада қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков жас қолөнершілерге қолдау көрсету үшін арнайы келіп қатысты.
– Қазақ үшін рухани мұрамыздың алар орны ерекше. Ежелден ұлттық ерекшелігіміз бен болмысымызды қолөнер арқылы тарихта таңбалап жүрген шеберлеріміз аз болған жоқ. Осы ұлы өнерді өшірмей, дәріптейтін жастарымыздың бары қуантады, – деді қала басшысы.
Жас қолөнершілерге Алғыс хат табысталып, сый-сияпат жасалды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі