Қазақстанда мүмкіндіктері шектеулі спортшылардың арасында спортты дамыту — күн тәртібінен түскен емес. Бұдан бөлек паралимпиада ойындарында отандастарымыз қажырлы еңбектерінің арқасында жарқын жетістіктерге жетіп келеді.
Жақында Ұлыбританияның Бирмингем қаласында өткен пара пауэрлифтингтен Дүниежүзілік IBSA ойындарында Түркістан облысының «Сауран» спорт клубының спортшысы Мұхтар Қалменов еліміздің намысын қорғап қайтты. Жерлесіміз жүкті жатып көтеруден қола және үшсайыстан қола медаль жеңіп алып, елге олжалы оралды.
Өмірге құштарлығы мықты түркістандық балуан алдағы кезекте де бірқатар халықаралық турнирлерге қатысу үшін бапкерімен бірге жоғары деңгейде жаттығу жұмыстарына көрісетін болады.