2025-05-15 14:51:56
38 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Келес ауданының мәдени көші Түркістанда

«Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында Түркістан қаласындағы Келес ауданының мәдениет күндері басталды.

Шараның алғашқы күні Этноауыл аумағында «Дәстүрін дәріптеген – Өнерлі өлкем – Келесім» атты қолөнер, қылқалам шеберлерінің көрмесі мен салт-дәстүр, әдет-ғұрып көріністері сахналанды. Атап айтқанда, Түрік халқының «беташар» салт-дәстүрі көрінісі, табалдырық аттау, босаға майлау, сірге мөлдіретер, аунату, сүндет ашар сынды ізгі дәстүрлер көрсетілді.

Айта кетейік, Келес ауданының мәдениет күндері үш күнге жоспарланған. Ертең, 14 шілде күні сағат 18:00-де «Келестің көрмелері» атты ұлттық спорттық ойындар (асық ойнау, гір тасын көтеру, садақ ату, арқан тарту, т.б.) сайысы және көкөніс, жеміс-жидектер жәрмеңкесі өтеді. Ал 16 шілде күні сағат 20:00-де «Visit Turkistan» орталығы алаңында аудан көркемөнерпаздары және кеш қонақтары әнші Сержанәлі Әлібек, әзіл сықақшы Ардақ Ермеков және Мәди Төреқұлов қатысуымен Гала-концерт өтеді.

Түркістан облысының мәдениет және туризм
басқармасының баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР