N1 М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің 2003 жылы бітірген түлектерінің ұйымдастыруымен армрестлингтен және гір көтеру спортынан Шардара аудандық ашық біріншілік өтті.
Жарыстың ашылу салтанатында “Шардара Армспорт” клубының негізін қалаған, Түркістан облысы гір спорты және армрестлинг федерациясы президенті, Шардара аудандық мәслихат төрағасы Қарсыбаев Арман Романұлы , жарыс ұйымдастырушыларына алғысын білдіріп, барша қатысушы спортшыларға сәттілік тіледі. Сонымен бірген бірқатар ауданымызға еңбегі сіңген түлектерге өз атынан Алғыс хат табыстады.
Ал Түркістан облыстық N4 олимпиада резервінің балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Турақұлов Нұржан Омарбекұлы , жастайынан тәрбие беріп жүрген, ұлағатты ұстаз Қарсыбаев Арман Романұлына өз алғысын білдіріп, тұлпар мінгізіп, шапан жапты. Сонымен құрыш білектілердің жарысы басталып кетті.
Қызықты әрі тартысты өткен жарыста жеңіс тұғырынан көрінген спортшылар тізімі: Армрестлингтен
Ұлдар
30кг
- 1-орын Амирхан Ә
- 2-орын Сайлау И
- 3-орын Алпыс Д
35кг
- 1-орын Әбдімутәли Ә
- 2-орын Ибрагим А
- 3-орын Бекжігіт Р
40кг
- 1-орын Сәрсенбек Б
- 2-орын Көшербай Е
- 3-орын Құрманбек Ә
45кг
- 1-орын Назар З
- 2-орын Бекмұрат М
- 3-орын Мансұр Е
50кг
- 1-орын Алдан Н
- 2-орын Маманияз Ж
- 3-орын Нұғман Ә
55кг
- 1-орын Мелдебек Б
- 2-орын Дженбаев Ж
- 3-орын Абсаттар Н
+55кг
- 1-орын Бекхан Н
- 2-орын Пердебек М
- 3-орын Сүттібек Н
Қыздар
40кг
- 1-орын Закирова Н
- 2-орын Исенбай Н
- 3-орын Зиядулла А
+40кг
- 1-орын Ақберген А
- 2-орын Сарсенбаева С
- 3-орын Жаңбырбек Н
Гір көтеру спортынан
35кг
- 1-орын Алихан И
- 2-орын Тастанбек Н
- 3-орын Белебай Ж
45кг
- 1-орын Амандық Б
- 2-орын Есмағаев Б
- 3-орын Сейдахмет Н
50кг
- 1-орын Айдарбек Ұ
- 2-орын Жансабай Н
- 3-орын Жандарбек Н
60кг
- 1-орын Усербай Н
- 2-орын Елемес Е
- 3-орын Тастан Қ
+60кг
- 1-орын Келдібаев Е
- 2-орын Бахыт И
- 3-орын Усербай Н
Барша жеңіс тұғырынан көрінген спортшыларды жеңісімен құттықтай келе, алдағы бұдан да үлкен дүбірлі додаларда жеңіс тұғырынан көрінулерін тілейміз!