Рухани шаһарда орналасқан Балуан Шолақ спорт кешенінде Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына орай таэквондодан 2012-2013 жылы туылған жасөспірімдер арасында облыс чемпионаты басталды. Татами шеберлерінің сайысына өңірімізден 11 команда қатысып, өзара шеберліктерін байқауда. Саңлақтар жалпы 20 салмақ дәрежесінде жеңімпазды анықтайды.
Негізгі мақсат облыс құрамасына мықты деп іріктелген таэквондошыларды шақырып, алдағы ел чемпионатына дайындау. Таэквондодан жасөспірімдер арасында Түркістан облысының аға жаттықтырушысы Дастан Манаптың айтуынша облыстық додаға келген барлық спортшылар жоғары дайындықпен келіп, бар күш-жігерлерін көрсетуде.
Жеңімпаздар алда Ақтауда өтетін кезекті Қазақстан Республикасының чемпионатында облыс намысын қорғайды.