2025-02-01 10:10:25
-2.7 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістандық жасөспірім балалар байқауында І орын иеленді

Түркістандық жасөспірім балалар байқауында І орын иеленді

Алматы қаласындағы Республика сарайында I республикалық «Жас қанат. Балалар» байқауы өтті. Республикалық өнер додасында Түркістан облысының намысын қорғаған Зере Жүнісбек I орын иегері атанды.

Дарынды балаларды тауып, оларға демеу көрсету, әрі Қазақстанның өнерлі балаларын әлемдік аренаға шығаруды мақсат еткен аталмыш байқауда Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген жас таланттар бақ сынады. Мұнда Медеу Арынбаев төрағалық еткен кәсіби мамандар қазылық етті.

Айта кетейік, Зере Жүнісбек Түркістан облысы, Отырар ауданы Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясының 5 сынып оқушысы. Ол 2018 жылы Түркия мемлекетінде Кемер қаласында өткен II Халықаралық өнер фестивалінде «Gold art fest» бағыты бойынша «І Дәрежелі» дипломмен марапатталған. 2022 жылы Облыстық «Бал таңдай» балалар өнер фестивалі аясында өткізілген ән байқауында үздік өнер көрсеткені үшін I орын иегері, сонымен қатар бірнеше халықаралық және республикалық байқаудың жүлдегері атанған.

Түркістан облысы мәдениет және туризм
басқармасының баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР