2024-09-19 21:10:38
24.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістан: Келестік өнерпаздар бас жүлдені қанжығасына байлады

Түркістан: Келестік өнерпаздар бас жүлдені қанжығасына байлады

Қостанай облысындағы Тобыл қаласында қазақы қалжыңның хас шебері, «Қыр елінің Крыловы» атанған, сатирик, жазушы, этнограф, ғалым Сейіт Кенжеахметов атындағы «Мірдің оғы» республикалық әзіл-сықақ театрлар байқау-фестивалі өтті. Аталған байқауға еліміздің 7 облысынан барлығы 12 ұжым қатысты. Соның ішінде қазылар алқасының шешімімен Түркістан облысының атынан қатысқан Келес ауданының «Күлкі терапиясы» әзіл-сықақ театры бас жүлдені жеңіп алды.

Өнер додасына Қостанай, Атырау, Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау, Қызылорда, Павлодар облыстарынан келген сатира әзілкештері қатысты.

Әзіл-сықақ театрларының байқау-фестиваліне төрелік еткендер қатарында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «ТТТ» театрының директоры, «Тамаша» ойын-сауық театрының белгілі әртісі, кино актер – Асылбек Боранбаев,  жазушы-сатирик, ҚР Мәдениет қайраткері, «Екі езу» театрының көркемдік жетекшісі –  Нұрлыбек Жұбатқан, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын – Абылай Маудан; белгілі ұстаз-ғалым, Ы.Алтынсарин атындағы медальдің иегері, «Әлем көшбасшысы» құрметті атағының иегері Зәмзагүл Кенжеахметова және Сарыкөл аудандық мәдениет үйінің директоры, «Таған» театрының әртісі Нұрлан Байшин бар.

Айта кетейік, Қостанай облысы мәдениет басқармасының қолдауымен Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығының ұйымдастыруымен аталмыш шара осымен төртінші рет өткізіліп отыр.

Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасының баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР