2024-09-20 03:20:02
16.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

«100» шаршы дойбыдан сайыс басталды

«100» шаршы дойбыдан сайыс басталды

Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына орай Түркістан қаласындағы №18 Ж.Еділбаев жалпы орта мектебінің ғимаратында «100» шаршы дойбыдан ұлдар және қыздар, жасөспірімдер мен кіші жасөспірімдер арасында классика, рапид және блицтен Түркістан облысының ашық біріншілігі басталды.

Сайысқа Жетісай, Сауран, Сарыағаш, Созақ, Ордабасы және Қазығұрт аудандары мен Түркістан, Кентау, Шымкент қалаларынан жалпы саны 86 спортшы қатысып, өзара бақ сынасып жатыр.

Бұл додада өз мықтылығымен көзге түскен спортшылар облыс құрамасына шақырылмақ.

Сондай-ақ, дойбыдан ел чемпионаты маусым айының 18-28 аралығында Тараз қаласында өтеді деп жоспарланып отыр

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР