2024-09-20 07:55:01
13.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түлкібастық өнерпаздар Түркістанды ән мен күйге бөледі

Түлкібастық өнерпаздар Түркістанды ән мен күйге бөледі

Бүгін Түркістанда «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестиваль аясында Түлкібас ауданының мәдениет күндері басталды. Салтанатты шараны Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары Ербол Орманов ашып беріп, қала тұрғындары мен қонақтарын үш күн бойы өтетін мерекеге атсалысуға шақырды. Ал Түркістан облысы мәслихатының депутаты Нұрайым Шахимерген көпшілікті облыстың 5 жылдығымен құттықтады.

Мерекелік шара әрі қарай Сәкен Қалымов, Индира Расылхан, Мамадияр Таукеев бастаған елімізге танымал жұлдыздармен қатар аудан өнерпаздарының қатысуымен гала-концертке ұласты. Жас әншілер мен бишілер, күйшілер өнер көрсеткен кешті жайдарманшы «Түлкібас жастары» құрамасының әзілдері қорытындылады.

Айта кетейік, Түлкібас ауданының мәдениет күндері әлі де жалғасатын болады. Атап айтқанда 20 мамыр күні сағат 11:00-17:00 аралығында Этноауылда «Қолөнерім – қазақтың төл өнерім» атты фото, қылқалам, қолөнер шеберлері, Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығының және Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық паркінің этнографиялық коллекциялық көрмесі жасақталып, спорттық ойындардан сайыс өтеді.

Ал 21 мамыр күні сағат 11:00-17:00 аралығында «Салт дәстүр – сан ғасырлық саф мұра» атты ән, жыр мен ұлттық салт-дәстүрлер көрінісі сахналанады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР