2024-09-20 02:37:34
16.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

«Отбасы күні» мерекесімен құттықтады

«Отбасы күні» мерекесімен құттықтады

Түркістан облысында спортшы саңлақтар әулеті көп. Солардың бірі түркістандық білікті бапкер, талай жеңімпаз шәкірттерді тәрбиелеп келе жатқан Марат  Файзиев  Хамзаұлы 25.02.1971  жылы Түркістан қаласында дүниеге келген. Түркістандық бапкер Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Дзюдо және қазақ күресінен, 5-дан иегері.

2018-2022 жылдары Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасында дзюдодан жаттықтырушы болып еңбек еткен. Қазіргі таңда дзюдодан Түркістан облысының аға жаттықтырушысы болып қажырлы еңбек етуде. 1991 жылдан бері еліміздің спорт  саласын дамытуға үлесін қосып келеді.

Әкесі Хамза Пәзіұлы перзенттерін спортқа берген, отбасында бес ұл, төрт қыз спорт өнерімен айналысты. Үлкен ұлы Дулат Хамза дзюдодан Қазақстан Республикасының чемпионы, ҚР спорт шебері. Олимпиадалық емес жоғары спорт шеберлері мектебінің тәрбие орынбасары, екінші ұлы Дидар Хамза дзюдодан  халықаралық дәрежедегі спорт шебері 2016, 2020 Олимпиада ойындарының қатысушысы 2018 жылғы Азия ойындарының чемпионы, қаншама Қазақстан Республикасы мен халықаралық жарыстардың чемпиондарын дайындап келеді.

Шәкірттері арасында қазақ күресінен әлем чемпионы самбо күресінен Азия чемпионы Мәди Құрымбаев, самбодан екі дүркін Азия чемпионатының күміс жүлдегері Нышанбай Құдайбергенов, шәкірті дзюдодан Азия чемпионы Айдар Арапов халықаралық жарыстардың жүлдегерлері Кемелбек Молдаш, Болат Біләл, Бексұлтан Дүйсенов сынды шәкірттері бүгінде ел намысын жоғары дәрежеде қорғап, Көк байрағымызды көкте желбіретуде. Олимпиада ойындарында ел намысын қорғаған Түркістан облысының үміті, еліміздің талантты саңлағы Дидар Хамзаның әкесі Марат Файзиев спортшылар жанұясы атынан 15 мамыр «Отбасы күні» мерекесімен барша қазақстандықтарды құттықтайды. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай! Үлгілі отбасылардың қатары елімізде арта берсін. Елдігіміз ерен болсын!

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР