2024-09-20 02:44:55
16.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Маусымды жоғары жетістікпен аяқтады

Маусымды жоғары жетістікпен аяқтады

Баскетболдан ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасындағы Қазақстан Республикасының XXXI чемпионаты аяқталды. Баскетбол додасында Түркістан облысының  намысын қорғаған «Тұран» баскетбол командасы бас жүлдеге ие болды. Бұл жетістікті жоғары бағалаған Түркістан облысының баскетбол федерациясында келелі жиын өтті.

Басқосу барысында «Тұран» спорт ойын түрлері клубының директоры Сабыржан Бульдуруков облыстық баскетбол федерациясы басшысы Есбол Қамбаровқа өз тарапынан алғысын жеткізді. Команданың қатарынан екі жыл жеңісті бағындыруда федерациясының рөлі зор. Командаға ешқандай қиындық тудырмай, жан-жақты көмек қолын созды. Осындай бірігіп жұмыс істеудің нәтижесінде жоғары көрсеткішке қол жеткізіп отырғанын айтқан клуб басшысы сөзін қорытындылады.

Ал, федерация төрағасы Есбол Қамбаров та өз тарапынан команданы құттықтап, бірқатар қызметкерлерге және бапкерлерге, ойыншыларға алғысын айтты.

Сонымен қатар, федерация басшысы келер жылы ерлер арасында да команда жасақтап, ел чемпионатында топ жаруды көздеп отыр. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бірігіп жұмыс атқарсақ алынбайтын қамал болмайды дейді Есбол Әуесбекұлы. Жиын соңында Түркістан облысында баскетбол спорт түрін жаңа белеске көтеру үшін әлі де жан-жақты жұмыстар атқару қажеттігі айтылды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР