2024-09-20 02:38:39
16.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Санжар Тәшкенбай Ташкентте Әлемді мойындатты

Санжар Тәшкенбай Ташкентте Әлемді мойындатты

Өзбекстанда өтіп жатқан Әлем чемпионатында отандасымыз топ жарды!

48 келіде сынға түскен Санжар Ташкенбай грузиялық Сахил Аллахвердовиді 5:0 есебімен жеңіп, ересектер арасындағы дебюттік Әлем біріншілігінде чемпион атанды. Бұл жеңісімен жерлесіміз Санжар отандасымыз Жәнібек Әлімханұлы (20 жаста)рекордын жаңартып, әлем чемпионатының ең жас жеңімпазы  атанды.

Жас жеңімпаз 2023 жылғы Әлем чемпионатында бокстан қарсыласынан ең соққы аз жіберген боксшы ретінде танылғанын мамандар тамсанып айтып жүр.

Ташкент төрінде жеңіс тұғырынан көрінген саңлақ спортшымыздың құрметіне Қазақ елінің Әнұраны орындалып, оған Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) тарапынан 200 000 АҚШ долларының сертификаты табыс етілді.

Санжар Тәшкенбай 2003 жылы Түркістан облысы, Келес ауданы, Ақтөбе ауылдық округіне қарасты Ғ.Мұратбаев елдімекенінде дүниеге келген.

Қазіргі таңда Астана қаласында тұрады. Бокспен 14 жасынан бері айналысады. Алғашқы бапкері — Нұржан Насанов.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР