2021-10-26 14:34:01
19.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Үндістан өз вакцинасын мақұлдады

Үндістан өз вакцинасын мақұлдады 1

Үндістан жедел түрде отандық COVAXIN вакцинасын пайдалануға рұқсат берді, деп хабарлайды CITYNEWS.KZ ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сілтеме жасап.

Бұл туралы хабрландыру жексенбі күні таратылған және қалың көпшіліктің таңданысын тудырып отыр. Себебі шенеуніктер Bharat Biotech өнімінің тиімділігін жария түрде айтпаған және олар қандай да бір сұраққа жауап беруден бас тартып отыр. Бұл жағдай ел премьер-министрі Нарендру Модиді де алаңдатпайды.

Ол Үндістанның ғылым мен фармацевтика саласының жеңіске еткенін айтады.

Үндістан өзінің жеке вакцинасын дайындап бекіткен аз ғана мемлекеттердің бірі. Соған қарамастан бұл елдің жүздеген миллион тұрғынын ауқымды вакциналау бағдарламасы Оксфорд университетінде дайындалған британиялық AstraZeneca вакцинасына жоспарланған.

Бұл вакцинаны ел билігі екі күн бұрын мақұлдаған. Осыдан кейін бүкіл ел осы вакцинаның келуін күтіп дайын отыр.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР