2024-04-27 12:00:29
14.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Израиль мен Хамас бір айға атысты тоқтату туралы келісімге келді

Израиль мен Хамас бір айға атысты тоқтату туралы келісімге келді
Фото: 123RF/olgavolodina

Израиль мен Хамас «Жалпылама» бітімге келісті. Келісім туралы Reuters ақпарат көздеріне сілтеме жасап жазады. Алайда бітім шарттарына қатысты келіспеушіліктер әзірге тараптарға келісім жасауға мүмкіндік бермеді.

Израиль мен Хамас бір тарап палестиналық тұтқындарды түрмеден, ал екінші тарап израильдік тұтқындарды босату үшін Газа секторында бір айға созылатын атысты тоқтату туралы келісімге келді. Бұл туралы дереккөздерге сілтеме жасап Reuters хабарлайды. Алайда бітім шарттарына қатысты келіспеушіліктер әлі толық келісімге келуге мүмкіндік бермеді, деп атап өтті агенттік.

Бұған дейін БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш тез арада атысты тоқтатуға шақырған. Ол сондай-ақ Таяу Шығыстағы қақтығысты тұрақты шешудің жалғыз жолы Тель-Авивте қабылданбаған Израиль мен Палестина деген екі мемлекетті шешім екенін баса айтты.

Израиль сонымен қатар 7 қазандағы шабуылды жоспарлауға жауапты алты палестиналық жетекшінің Газа секторындағы биліктен кетуін талап етіп отыр, деп хабарлады Reuters агенттігіне содырлар көзі. ХАМАС, өз кезегінде, ИДК кепілге алынғандар босатылғаннан кейін Газадағы соғысты жалғастырады деп қауіптенеді және оларды босатқанға дейін тұрақты атысты тоқтатуға кепілдік беруді талап етуде.

Израиль мен Хамас тікелей келіссөз жүргізіп жатқан жоқ. Олардың арасындағы барлық өзара іс-қимыл делдалдар – АҚШ, Египет және Катар арқылы өтеді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР