2024-04-18 12:02:01
20.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Қазандағы атыс: белгілі болғаны…

Қазандағы атыс: белгілі болғаны...

Қазан қаласындағы Файзи көшесіндегі мектепте атыс болды.

Қазірге белгілісі:

  • Таңертең 19 жастағы студент 28 сәуірде пайдалануға рұқсат алған қаруымен мектеп-гимназияға келіп, оқ жаудырған. Ол бұл әрекетке бір өзі барған.
  • Қанды оқиға салдарынан мектептің 7 оқушысы мен мұғалімі құрбан болды. Сонымен қатар 16 бала мен мектептің қызметкерлері жарақат алғаны белгілі болып отыр.
  • Куәгерлердің айтуынша, қайғылы оқиға кезінде бірнеше бала мектептің терезесінен  секіріп аман қалуға тырысқан. РИА жаңалық қызметі осы кезде екі баланың жан тәсілім еткенін хабарлады.
  • В.Путин оқиға қатысты көңіл айтып, Қазан қаласына Денсаулық сақтау және білім министрі мен ТЖМ бортын жөнелтті.
  • Қазір  Ресей гвардиясының басшысына қарудың азаматтық айналымы туралы жаңа ереже әзірлеуді тапсырылды.
  • Мектептегі атысқа байланысты 12 мамырд – Татарстанда азалы күн деп жарияланды.

Бұған дейін Қазанда мектептегі атыстан қаза тапқандардың саны 12-ге жеткенін, хабарланған болатын.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР