2024-03-29 06:20:06
5.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Қазанда мектептегі атыстан қаза тапқандардың саны 12-ге жетті

Қазанда мектептегі атыстан қаза тапқандардың саны 12-ге жетті
ria.ru

Қазан қаласындағы Файзи көшесіндегі мектепте атыс болды. Атыстан жеті бала және мұғалім қайтыс болып, 20 адам зардап шеккен. Бұл туралы РИА жаңалықтар қызметі Татарстан Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Алдыңғы мәліметтерде атыстан төрт ұл бала мен үш қыз бала зардап шеккені айтылған болатын. Татарстан Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, қазір ауруханаға 21 адам жеткізіліп, алты бала жан сақтау бөлімінде жатыр.

Қазанда мектептегі атыстан қаза тапқандардың саны 12-ге жетті
ria.ru

Төтенше жағдай таңертең Файзи көшесіндегі мектепте орын алды. Атысты белгісіз екі адам бастаған. Қару қолданған күдіктінің бірі қолға түссе, екіншісінің көзі жойылды.

Соңғы ақпаратта 12 адам қаза тауып, 32 кісінің жарақат алғаны хабарланды. Жалпы атыс кезінде ғимаратта 714 бала мен 70-ке жуық мұғалім мен қызметкер болғаны айтылады.

Ресейдің Төтенше жағдай жөніндегі қызметі жапа шеккендерге психологиялық көмек көрсету үшін арнайы телефон желісін ашты.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР