Чехияның премьер-министрі Петр Фиала Чарльз университетіндегі атыс лаңкестікпен немесе ұйымдасқан қылмыспен байланысы жоқ оқшауланған шабуыл екенін айтты.
Бұл туралы Citynews.kz ақпарат агенттігі Euronews.com сілтеме жасап хабарлайды.
Прага орталығындағы Карл университетінде болған атыстан 14 адам қаза тапты. Жиырма бесі әртүрлі ауырлық дәрежесінде жарақат алды. Бұл жаңартылған деректерді чех полициясы жариялады.
Шабуылдаушы оны залалсыздандыру операциясы кезінде көз жұмды. Оны құқық қорғау органдары атып өлтірді ме, әлде өз-өзіне қол жұмсады ма, белгісіз.
Шабуыл жасаушының осы университетте оқығаны хабарланды. Ол жиырма төрт жаста еді. Полицейлер жас жігіт университетте атыс ашудан бірнеше сағат бұрын әкесін өлтірді деп күдіктенеді.
Атқыштың пәтерін тінту кезінде оның заңды иелігіндегі қарудың бірнеше түрі табылды.
Чехия премьер-министрі Петр Фиала халыққа үндеуінде «бұл жан түршігерлік әрекетті ақтауға болмайды» деді. Үкімет басшысы бұл лаңкестікке немесе ұйымдасқан қылмысқа қатысы жоқ оқшауланған шабуыл деп сендірді.
Еуропа мен АҚШ-та қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтылды.